Eduser Books

Құпиялылық

Соңғы жаңарту: 11.11.2026

Eduser Books-ты тіркелусіз, аты-жөніңізді, телефоныңызды не email-ыңызды көрсетпей қолдана аласыз. Төменде сайт қандай деректерді, не үшін және қанша уақыт сақтайтыны жазылған.

Қандай деректер сақталады

  • Анонимді идентификатор. Браузеріңізде кездейсоқ кодтан тұратын cookie (eduser_guest_id) сақталады. Ол сіздің кім екеніңізді білдірмейді — тек AI сұхбаттарыңыз бен тест нәтижелеріңізді осы браузерге байлау үшін керек.
  • AI көмекшіге қойған сұрақтарыңыз бен алған жауаптарыңыз. Олар сұхбат тарихын көрсету және күндік лимитті есептеу үшін сақталады.
  • Тест жауаптары мен нәтижелері — тарихыңызды көрсету үшін.
  • Қолдану статистикасы: қай беттер ашылғаны, қай батырмалар басылғаны, іздеу сұраулары. Бұл сайтты жақсарту үшін жиналады және анонимді идентификатормен ғана байланысты.
  • IP мекенжайы. Ол асыра пайдаланудан қорғану (сұраныс лимиттері) үшін қолданылады; лимит есебінде ашық түрде емес, қайтарылмайтын хэш түрінде сақталады.
  • Браузеріңіздің өз жадында (серверге жіберілмейді): таңдалған тіл мен тақырып, жазылып жатқан сұрақтың черновигі, іздеу ұсыныстарына арналған сөздер.

Деректер кімге беріледі

  • AI жауап дайындау үшін сұрағыңыздың мәтіні және оқулықтардан табылған үзінділер AI провайдеріне (OpenAI) жіберіледі. Сұраққа жеке деректеріңізді (аты-жөні, мекенжай, құжат нөмірлері) жазбаңыз.
  • Сайт қаріптері Google Fonts-тен жүктеледі, сондықтан Google сіздің IP мекенжайыңызды көруі мүмкін.
  • Деректеріңіз сатылмайды және жарнама желілеріне берілмейді. Сайтта бөгде жарнамалық не аналитикалық трекерлер жоқ.

Қанша уақыт сақталады

  • Қолдану статистикасы — 180 күнге дейін, содан кейін автоматты түрде өшіріледі.
  • AI лимитінің есебі — 7 күн.
  • Аяқталмай қалған тесттер — 30 күн. Тапсырылған тесттердің нәтижелері тарихыңызда сақталады.
  • Ешбір сұхбаты да, тесті де жоқ анонимді идентификатор 90 күн қолданылмаса өшіріледі.
  • AI сұхбаттары оларды өзіңіз өшіргенше сақталады.

Сіздің мүмкіндіктеріңіз

  • Кез келген AI сұхбатын AI көмекші бетіндегі тарихтан өшіре аласыз — ол серверден де жойылады.
  • Браузердегі сайт деректерін (cookie) тазаласаңыз, сайт сізді жаңа келуші ретінде қабылдайды, ал бұрынғы сұхбаттар мен тест тарихына қол жеткізе алмайсыз.
  • Деректеріңізге қатысты сұрақтар бойынша Eduser қолдау қызметіне хабарласыңыз.